Күздің салқыны...

98

Сонымен сенделтіп жаз өтті.  Ыстығымен және оқиғаларға толы. Әрі бұған дейін қалыптасқан жүйелердің шытынап, бөлініп жатқанын көрсетті.
Алматыға Иманғали Тасмағанбетов келіп,  Мұстай Кәрімге арналған көшенің ашылу салтанатында болды, Бақытжан Сағынтаевпен жолықты.
Әккі, саясат ойынын әбден меңгерген дипломат Сағынтаевпен жырақ жүрген Тасмағанбетовтің не жайлы сөйлескені құпия!
Әйтпесе,  М.Кәрімге Астанадан да көше табылатын.
Бұрынғы сенат спикері ауаға ілініп, жүгенсіз қалып барып, қайтадан орнына келді. Қандай әңгімелерден кейін үлкен қыздың орнына оралғаны белгісіз!
Президент Жолдауынан бұрын,"Нұр-Отан" партиясы жиыны өтті!
Оза шауып алмақ бәйге - "сиыр тақырыбына" ұласты.
Әлдебір күштер осы "мәселені" құйындатып көтеріп, отқа май құюда!
Болат Назарбаевтың  қызының "тұсау кесері" де осылай қызу талқыланды.
Бұрынғы билікті қорғамақ ақпарат министрлігі  - бар позициясынан айрылуда.
Күзде нені тосамыз?
Сенат спикері билікті алуға тырысады.
Бұл әрекет сәтсіз болмақ.  Себебі Шымкентке әкім болып сайланбақ сенатор - жолдан тайдырылды.
Көшербаев өзі барып тағайындады.
Сағынтаев,  Көшербаев,  Сапарбаев секілді "ауыр салмақтылар" қатарына Тасмағанбетов келіп қосылса - таразы басы тең тартады!
Бұрынғы президент Отбасына тікелей шабуылдар басталуы мүмкін...
Президент ұлттық рухани мәселелермен қазақ жүрегін жібітпек, Алтын Орданы еске алып,  Абай жырларын оқып...
Экономика поэзиямен туыс болмаса да.
Халық көрермен.
Әзірге...

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер