АҚШ-тағы сайлауда кім жеңеді? Дауыс саны құбыла кетуі ғажап емес

2005
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/whatsapp-image-2024-10-31-at-10.56.01-960x500.jpeg?token=347ece9ec767178cd4b2568bf1471c81
АҚШ-тағы сайлауда кім жеңеді? Алғашқы сағаттардың санағы бойынша, америкалық сарапшылар Трамптың  ұпайы басым болады деген жорамалда, бірақ 2020  жылғы сайлауда да солай болған. Red Mirage  деген шартты ұғым бар екен. Қызыл елес. Әдетте, республикалық партия өкіліне берілген дауыстар бірінші саналатын көрінеді. Демократтар - екінші кезекте. Оның үстіне, Пенсилвания сияқты тұрақсыз штаттарда, дауыс саны құбыла кетуі ғажап емес. 2020 жылы Трамп сол қызыл елеске елтіп, өзінің жеңгенін жариялап жіберген. Алайда, әр бюллетенді асықпай, мұқият әрі тиянақты саралайтын санақшылар сағын сындырған… Бұл жолы нендей нәтиже болады? Асықпай, бақылайық. Жеке пікір: сайлауды хабарлаудағы жергілікті медианың мүмкіндіктері таң қалдырады! Технологиялық тәсілдер, шұғыл анализ, интерактивті ақпарат тақталары, интернеттегі секунд ішіндегі дерек жаңарысы…енді, тәнті боласың! Оның үстіне, ТикТок эфир бар! Бүкіл ТВ аудиторияны осы желіден тауып отыр.  

Saken Qaiyrbergenuly

       
Комментарии