Трамптың инаугурациясынан бір күн бұрын. АҚШ-та TikTok-қа тыйым салынды

1571
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та қауіпсіздік мақсатында  TikTok әлеуметтік желісінің жұмысын тоқтататын заң күшіне енді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұған дейін қытайлық ByteDance компаниясына платформаны сатуды талап етіп, оны орындамаған жағдайда тыйым салынатыны ескертілген еді.

Заң күшіне енгенге дейін желі АҚШ-тағы жұмысын тоқтатты. TikTok-ты ашуға тырысқан пайдаланушылар қосымшаның қолжетімсіз екені туралы хабарлама көреді.

АҚШ-та TikTok-қа тыйым салатын заң қабылданды. Өкінішке қарай, бұл сіздің TikTok-ты уақытша пайдалана алмайтыныңызды білдіреді – делінген қосымшадағы хабарламада.

Дональд Трамп кеше NBC News және ABC телеарналарына TikTok-қа 90 күнге дейін уақытша жеңілдік беруді жоспарлап отырғанын айтты. АҚШ-тың сайланған президенті инаугурациядан кейін тиісті мәлімдеме жасауға уәде етті.

2024 жылдың сәуір айында АҚШ конгресі ByteDance компаниясын платформаны америкалық компанияға сатуға міндеттейтін заң қабылдаған еді. Бұл талап орындалмаған жағдайда, әлеуметтік желі 2025 жылдың 19 қаңтарынан бастап бұғатталуы керек болатын.

Америкалық шенеуніктердің пікірінше, қытайлық компанияға тиесілі TikTok Пекинге америкалықтардың деректерін жинап, қоғамдық пікірге ықпал етуге мүмкіндік беруі мүмкін.

TikTok компаниясы мен Қытай үкіметінің арасында байланыс бар деген айыптауларды бірнеше рет жоққа шығарды.

Bloomberg мәліметінше, ByteDance TikTok-ты Илон Маскке сату мүмкіндігін қарастыруда деген сыбыстар тарағанымен, компания бұл ақпаратты «таза қиял» деп жоққа шығарды.

10 қаңтарда АҚШ жоғарғы сотында өткен тыңдауда TikTok пен контент жасаушылардың өкілдері бұл тыйым 170 миллионнан астам америкалық қолданушы үшін сөз бостандығын бұзу болатынын мәлімдеді.

TikTok қолданушылардың орташа уақыты 2024 жылы күніне 51 минут болғанын айтады. Алайда АҚШ-тан тыс аймақтарға VPN арқылы қосылу немесе басқа амалдарды пайдалану жолдары айтылған бейнероликтер де пайда болды.

Өткен жылдың желтоқсан айында сайланған президент Дональд Трамп соттан бұл мәселені Ақ үйге оралғанға дейін кейінге қалдыруды сұраған. Ол мәселені «саяси шешіммен» реттеуге тырыспақ екенін айтқан.

TikTok бойынша шешім жақын арада қабылданады, бірақ жағдайды талдау үшін уақыт қажет, – деп жазды Трамп 17 қаңтарда TruthSocial желісінде.

Ақ үй заңды жүзеге асыру Трампқа жүктелетінін, оның 20 қаңтарда қызметке кірісетінін растады.

 

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер