ТАРАЗДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ 720 ПӘТЕР БЕРІЛДІ

3142
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Констиуция күні қарсаңында Тараз қаласында 80 пәтерлі 9 көпқабатты үй ел игілігіне берілді, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы 80 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйде 720 пәтер орналасқан.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй алған 200-ге жуық азаматқа пәтер кілтін тапсырды. Сондай-а, аймақ басшысы облыс тұрғындары Қазақстан Республикасының Конститутция күнімен құттықтады.

– Осы сәтте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 15-ші шағын ауданда 80 пәтерлі 9 қабатты үй ел игілігіне берілгелі отыр. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі. Баспана – қай уақытты да өзекті мәселе. Қала халқының саны өсуімен тұрғын уйге деген сұраныс көлемі де ұлғаюда. Әр адам үшін үйдің ерекше мәні бар. Тәуелсіздік жылдары елімізде Елбасының басшылығымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Соның ішінде қалада жаңадан соғылып жатқан 15 шағын аудан орналасқан жер бірнеше жыл бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын үйлер бой көтерген шағын ауданға айналды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы бойынша жарияланған басты мақсаттардың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, – деді ол.

Әкімнің айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 17,6 млрд. теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін аталған 30 көпқабатты үйдің 28 тұрғын үйі (1988 пәтерлі) пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін аж 1-жартыжылдығында 120 (93 пәтер арендалық уйлер есебінен, 27 демеушілер есебінен) көпбалалы отбасыларына пәтер кілті табысталды. Жыл соңына дейін 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Кезектілік келгенге дейін көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда, – деді ол.

Аймақ басшысы  құрылыс жұмыстарын жүргізген компанияларға қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.

"АДЫРНА"

ұлттық порталы

Пікірлер