Қазақстандықтар жыл басынан бері жарты тоннадай алтын сатып алды

256
Adyrna.kz Telegram
Сурет: zolotoy-zapas.ru
Сурет: zolotoy-zapas.ru

Қазақстанда 2024 жылдың III тоқсанында жалпы салмағы 475,5 келі болатын 14 000-ға жуық алтын құйма сатылды. Бұл туралы бүгін Ұлттық банктің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 7,4 тонна 199 235 алтын құйма сатылды.

«Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 24% – 48 629 дана. Одан кейін 100 грамдық алтын құйма – 47 227 дана (24%), 5 грамдық құйма – 44 127 дана (22%), 20 грамдық құйма – 31 612 дана (16%), және 50 граммдық құйма – 27 640 дана (14%)»,—делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, алтын құймалардың ең көп бөлігі Алматы (8 101 дана, 58%), Шымкент (1 279 дана, 9%) және Астанада (1 243 дана, 9%) сатылған.

Пікірлер