Асу Алмабаев UFC турниріндегі төртінші жеңісіне қол жеткізді

1634
Adyrna.kz Telegram

Аралас стильдегі (ММА) қазақстандық файтер Асу Алмабаев Ultimate Fighting Championship (UFC) турнирінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

ММА файтері Лас-Вегаста  өткен Fight Night сериясы турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы бразилялық Матеус Николау болды. Жекпе-жек алдында қазақстандық жеңіл салмақ дәрежесінде (56,7 келіге дейін) рейтингте 14-ші, ал бразилиялық жетінші орында тұрды.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Асу Алмабаев жеңіске жетті. Осылайша ол қатарынан 17-ші жеңісіне қол жеткізді.

Жеңімпаз атанғаннан кейін Алмабаев UFC чемпиондық титулы үшін жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.

«Дана, маған бір мүмкіндік бер. Белбеу үшін күресуге бір ғана мүмкіндік бер. Мен дайынмын!» – деді қазақстандық боксшы UFC президенті Дана Уайтқа.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер