Асу Алмабаев UFC турниріндегі төртінші жеңісіне қол жеткізді

1529
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/6713955f682cb806280669.jpg
Аралас стильдегі (ММА) қазақстандық файтер Асу Алмабаев Ultimate Fighting Championship (UFC) турнирінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. ММА файтері Лас-Вегаста  өткен Fight Night сериясы турнирінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы бразилялық Матеус Николау болды. Жекпе-жек алдында қазақстандық жеңіл салмақ дәрежесінде (56,7 келіге дейін) рейтингте 14-ші, ал бразилиялық жетінші орында тұрды. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Асу Алмабаев жеңіске жетті. Осылайша ол қатарынан 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Жеңімпаз атанғаннан кейін Алмабаев UFC чемпиондық титулы үшін жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.
«Дана, маған бір мүмкіндік бер. Белбеу үшін күресуге бір ғана мүмкіндік бер. Мен дайынмын!» – деді қазақстандық боксшы UFC президенті Дана Уайтқа.
Comments