Нигерия азаматы Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарылды

120
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елордалық полицейлер шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығарып жіберді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында «Есіл» ауданының көші-қон қызметкерлері Нигерия азаматын ұстады.

«21 жастағы мигрант ағымдағы жылдың мамыр айында сот шешімімен елден шығарылғаны анықталды. Алайда шетелдік өз еркімен Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген. Астана мен Алматыда қонақүйлерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Әкімшілік соттың шешімімен шетелдік елден мәжбүрлі түрде шығарылды. Ол әуе рейсімен отанына жіберілді», - деп хабарлады полиция.

Пікірлер