Президент Тоқаев Ресейге көпшік тастап, ымыраға шақырды

299
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы соғыста Ресейдің әскери тұрғыда жеңілмейтінін тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Мен Канцлер Шольцпен келіссөздер барысында айтқанымдай, Ресей әскери тұрғыда жеңілмейді. Бұл факт Ресейдің әскери әлеуетімен, Ресей халқының президент Путиннің саясатын қолдауымен және сол елдің тарихымен расталады. Сондықтан біз бейбіт жолмен шешім іздеуді қажет деп санаймыз және Қытай мен Бразилияны қоса алғанда барлық мемлекеттердің шынайы жоспарларын қолдаймыз», – деді Тоқаев бейсенбіде.

Мемлекет басшысының айтуынша, «басқа жол жоқ».

«Бұл - өзара жоюға әкелетін соғыс. Мүмкін, кейбір әлемдік күштер бұған мүдделі шығар, бірақ бұл – апатқа апарар жол. Конструктивті келіссөздер арқылы бейбітшілікке ұмтылу – бұл әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, стратегиялық парасаттылықтың көрінісі», – деді Президент Тоқаев.

Пікірлер