“Шымкент - транс астана, кіші жүз”. Лесбиан құрылтайында шу шықты

1048
Adyrna.kz Telegram

"Феминита" қоғамдық ұйымы өткізіп жатқан "Лесбиан құрылтайда" шу шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Алматыда “Феминита” феминистік ұйымы “Лесбиан құрылтай” деген атпен жиын өткізген. Сол сәтте Қазақстан ата-аналар одағының мүшесі Бағила Балтабаева мен бірнеше белсенді келіп іс-шараны тоқтатпақ болған. Ал ЛГБТ-ны насихаттаған өкілдер полиция шақырып, экология тақырыбында дәріс өткізіп жатқанын айтқан. Ал Бағила Балтабаева оларды ЛГБТ-ны насихаттады деп айыптаған.

Бағила Балтабаева плакатта  “Шымкент – транс столица”, “Кіші жүз – транс жүз”, “Сносите всем шаңырақ” деген сөздер жазылғанын айтады. Ақырында полиция Балтабаеваны да, полицияны шақырушы белсенділерді де түсініктеме жазу үшін алып кетіп, кейін босатқан.

Кейіннен “Феминита” ұйымының мүшелері Бағила Балтабаеваның үстінен арыз түсірген.

Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін "Феминита" ұйымы Алматыда 7-10 қазан күні "Лесбиан құрылтай" өткізетінін хабарлаған еді. Алайда жалдаған жерлері әкімдіктің қысымынан кейін оларға бас тартып жатқанын мәлімдеген.

Ұлысмедиа ақпаратынша, журналист Ораз Әлімбековтің бұған дейін лгбтшылар Құрылтай сөзін қолдану арқылы қазақ халқының мәдениеті мен тарихына түкіріп отыр, олардың мақсаты алауыздық тудыру деген ойын жеткізген.

“Ата-бабаларымыз үшін Құрылтай ұлттың тағдырына қатысты шешім қабылданатын, елдің болашағы үшін жауапты істер талқыланатын, рухани және мемлекеттік маңызды шара болған. Мұндай жиындарда ұлттың бірлігі, елдің тыныштығы мен тұрақтылығы сөз етілген. Ал мынау лгбтшылар елдің қамы, елдің бірлігі үшін тірлік етіп жатқан жоқ. Қайта қазақ қоғамында алауыздық тудыруды көздейді. Сондықтан, дәл осы Құрылтай сөзін кез келген мақсаттағы іс-шараларға қолдану – қазақ халқының ұлттық рухын, мәдени құндылықтарын аяқасты ету”, - деді журналист facebook парақшасында.

Пікірлер