Қазақстан құтқарған ресейлік банк нысаны Қатарға сатылды

1118
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

«Бәйтерек» қазақстандық мемлекеттік холдингі «Береке» банкінің 100% акцияларын Қатарлық банкіне сату жөніндегі мәмілені аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Береке" банкі - Ресейдің "Сбер" банкінің бұрынғы еншілес ұйымы.

«Келісімшарттың барлық шарттары тараптармен сәтті келісілді. Мәміле қазақстандық реттеуші органдардан барлық қажетті рұқсаттарды алды», - делінген хабарламада.

"Бәйтерек" холдингінің баспасөз қызметі «Береке Банк» алдағы уақытта да клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерін орындайтынын айтты.

2022 жылдың наурыз айында ресейлік "Сбер" банкінің құрылымдары, оның ішінде қазақстандық еншілес ұйымы АҚШ-тың блоктау санкцияларына ұшыраған еді. Тамыз айында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі "Сбердің" еншілес компаниясын сатып алғаны туралы хабарлаған. Ал мәміле 2 қыркүйекте аяқталған. Осыдан кейін несие мекемесінің атауы «Береке банк» болып өзгертілді, ал жаңа иеленуші OFAC-қа санкцияларды алып тастау үшін құжаттарын тапсырды.

2023 жылдың 8 наурызында OFAC Bereke Bank-ті арнайы тағайындалған азаматтар (SDN) және Салалық санкциялар тізімінен (SSI) алып тастады.

Lesha Bank Катар қор биржасында тіркелген, қаржы орталығының реттеуші органының банктік лицензиясына ие. Ол Катар, АҚШ, Еуропа, сондай-ақ Таяу Шығыс аймағындағы нарықтарда қызметтерді ұсына отырып, инвестициялық банкинг және активтерді басқару саласында жұмыс істейді.

Пікірлер