Қазақстан президенті Мәскеуге бара ма? Путиннің туған күні және ТМД саммиті

225
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін, 7 қазан күні Ресей астанасы Мәскеуде ТМД елдері басшыларының кезекті кеңесі өтеді. Көшбасшылар ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл туралы пікір алмасып, 2025 жылы ұйымға кімнің төрағалық ететінін анықтайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ мемлекет басшылары алдағы 3 жылға Достастықтың мәдени астаналарын жариялау туралы шешімге қол қойып, құқықтық өзара іс-қимыл мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бірқатар құжатқа түзету енгізбек.

Бұл кездесу Ресей президенті Владимир Путиннің туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгін көрші ел басшысы 72 жасқа толды.  Әзірге Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері Мәскеуге барғандарын растады. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Армения мен Беларусь басшылары да қатысады деп күтіліп отыр.

Пікірлер