Қала әкімі көпқабатты үйлердің ағымды жөндеу жұмыстарын тексерді

323
Adyrna.kz Telegram

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Бәйтерек» (13) шағын ауданындағы №14, 39 көпқабатты тұрғын үйлерге ат басын бұрды.

Мұнда қазір жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Айталық, №14 көппәтерлі тұрғын үйдің әрлеу, парапед және №39 үйдің шатырын ағымдағы жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, демонтаждық және жаңғырту жұмыстары қолға алынған.

Алайда, шаһар басшысы атқарылған жұмыстарға көңілі толмайтынын жасырмады. Себебі, құрылыс сапасы төмен әрі көптеген кемшілікке жол берілген.

Өз кезегінде Бақытжан Әмірбекұлы олқылықтың орнын дереу толтырып, жұмыстарды жоғары деңгейде орындау қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар қала әкімі Төле би даңғылы, №11 мекенжайында орналасқан жатақхананы қайта жаңғырту жұмыстарын көрді.

Аталған тұрғынжайдың күрделі жөндеу жұмысына қатысты ЖСҚ әзірленіп, ішкі күрделі жөндеу жұмысы аяқталған. Енді сыртқы күрделі жөндеу жұмысына ЖСҚ дайындалып, нақтылауға ұсынылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер