ҚАЗАҒЫМ!

104

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша Жунисов Сафуан Орнханович.

 

Автор: Жунисов Сафуан Орнханович

Байланыс телефоны: 8708-691-38-61

 

Үмітсіз жолда жүрдік зарланыпта,
Күдіксіз ғасырларда сандалыпта.
Осыншама жыл бойы қазақ халқым,
Көрді ғой хан болыпта, құл болыпта.
Көкірегін көтерген көкелерім,
Бұл күні бабам көрген зарды ұмытпа.

Бір үміт, бір күдікпен қатар болып,
Сүрініп, егемен ел аталды анық .
Өз елім өз дәстүрін ұмытпады,
Өзегі күйседағы отар болып.
Көреді қазақ бұл күн талай бақыт,
Себебі елім келер жаханданып.

Береді тәңір бізге күнді әдемі ,
Әнұранның баршаға үлгі әуені.
Бүкіл әлем таниды қазағымды ,
Қасқырдың мінезіндей туған ері.
Ешқашан жоғалмайды бұл әлемде,
"Керей" мен "Жәнібектің" құрған елі.

Бұл күні жамандықтан сақтан қазақ,
Тарихтағы батырларды жоқтауда азап.
Рухы биік ерлердің ар намысы ,
Лапылдаған жалынды оттан ғажап.
Жалына әркімдерге мазақ болмай ,
Жауына "Абылайлап" шапқан қазақ.

Таусылмасын қазағым құтты әунеің,
Қадіріңді қашанда ұққан ерің.
Тәуелсізсің бұл күні соның үшін,
Бөленерсің ең ғажап құтқа керім.
Тек қана жақсылыққа лайықтысың,
"Ақтабаннан" аман есен шыққан елім.

Қазағым қашандада есің берік ,
Тірелейік бірлік дейтін шешімге нық.
Түлкіні уақыт дейтін алдадық деп,
Бұл күні құры босқа есірмейік.
Еншіміз әр бағытқа шашылмасын,
Көршіміз "Украина" секілденіп!!

Пікірлер