ТУҒАН ЖЕРІМ

2851
Adyrna.kz Telegram

 “Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Алғашқы келіп түскен  "поэзия" аталымы бойынша Асет Еркебұлан есімді қатысушыдан.

 

 

Автор: Асет Еркебұлан
Байланыс телефоны: 87022777053

 

Туған жерім-ол менің жайдары анам,
Одан кетіп не табам?!
Қайда барам?!
Перзентіндей тербетіп жер бесікте,
Самалымен жүзімнен аймалаған-
Туған-жерім ол менің жайдары анам!

Сарқылмайтын, кеудемде ән бар екен,
Бәрін туған жеріме арнап өтем.
Қарт емендей шыбыққа сая болған,
Туған жерім-ол менің заңғар әкем!
Бәрін, бәрін тек соған арнап өтем!

Туған жерім-ол менің тал бесігім,
Жүрегіме алтынмен жазды есімін.
Кейде оның парақтап тарихынан,
Керегімнің алғанмын сан шешімін.
Туған жерім-ол менің тал бесігім!

"Туған жер" деп шығады өктем үнім,
Ол тау болса, мен оның бөктерімін!
Бұл киелі мекенді қорғаймын деп,
Қанын суша ағызып төкпеді кім?!
"Туған жер" деп шығады өктем үнім!

Туған жерім-ол менің бар байлығым.
Жүруші едім түсіне алмай бұрын.
Бабаларым табыстап кеткен жерді,
Даттайтындай бар менің қандай құным?!
Туған жерім-ол менің бар байлығым!

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер