Әлемдегі ең ірі дода. Президент Көшпенділер ойынының ашылу салтанатына қатысты

1073
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Бүгін ел астанасы Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ойындардың қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, ашылу салтанатында сөз сөйледі.
"Астана-Арена" стадионында ашылуы өткен дүбірлі дода - әлемдік жарыс.
Бұл - ұлттық спорт түрлерінен өтетін әлемдегі ең ірі дода. Оны Көшпенділер олимпиадасы деуге болады. Бұл ойындар дала өркениетін жер-жаһанға паш етеді. Спорт – өзара құрмет пен сыйластық символы. Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық, басқа мемлекеттердің де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек", - деп атап өтті Президент Тоқаев.
Сарыарқаның сайын даласында өтетін дода бірнеше күнге жалғасады.
"Күллі әлем жұрты нағыз көшпенділердің болмысына куә болады. Бұл – бірлік пен татулықтың тойы. Достығымыз мәңгі болсын! V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ашық деп жариялаймын!", - деді Мемлекет басшысы.
Пікірлер