Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қандай жарыстар өтеді

1069
Adyrna.kz Telegram

8-13 қыркүйек аралығында елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарыс өтетін спорт нысандарының бірі – Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. Мұнда ұлттық күрес түрлері бойынша жарыстар өтеді: қазақ күресі, корэш және алыш, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.

Спорт кешені 2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қабанбай батыр даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылды.

Жақсылық Үшкемпіров – классикалық стильдегі балуан, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Жекпе-жек сарайы 3 294,6 шаршы метрлік заманауи аренамен және 5000 көрерменге арналған сыйымдылықпен жабдықталған. Мұнда республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар мен чемпионаттар өткізіледі.
Сарай сонымен қатар арбамен қозғалатындарға арналған арнайы орындармен, сондай-ақ аренаға кіру үшін панорамалық лифтпен жабдықталған.

Еске сала кетейік, ойындарға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады.
Ойындар үш бағыт бойынша өтеді – спорт, мәдениет және ғылым.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымына елордалық 6 нысан кірді: «Астана-Арена» стадионы, «Қазанат» ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, «Алау» мұз сарайы, «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені, «Думан» кешені.

Пікірлер