Назарбаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

1453

"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен мәжіліс депутаттары жаңа қызметке тағайындалды

 Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясында кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек твиттерде жазды.

"Nur Otan"партиясының лидері Н.Ә. Назарбаевтың қаулысымен Омархан Өксікбаев партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Павел Казанцев партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - деп жазды Байбек.

Ол партия фракциясы депутаттарының кәсіби біліктілігі мен табандылығы, мемлекеттік және партия жұмысындағы мол тәжірибесі партиялық органдарды күшейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Өксікбаев пен Казанцев туралы не білеміз?

Омархан Өксікбаев 1954 жылы 22 желтоқсанда Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылында туған. Мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Әр жылдары қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, президент әкімшілігінің бас бақылау инспекциясының басшысы, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Павел Казанцев 1960 жылы 22 наурызда Томск қаласында туған. Мәжіліс депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Тоқсаныншы жылдары Ақмола қаласы әкімінің орынбасары болған. Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының орынбасары, Nur Otan партиясы орталық аппараты саяси жұмыстар, ұйымдастыру-саяси жұмыстар департаменттерінің директоры қызметін атқарды.

 

Пікірлер