Астанада Бибігүл Төлегенова атындағы мектеп ашылды

1077
Adyrna.kz Telegram
Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенова атындағы креативті мектептің ашылуына қатысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
2024 жылы 1 қыркүйекте Астана қаласында Қазақ вокал өнерінің негізін қалаушылардың бірі, ұлы әнші және халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова атындағы алғашқы жеке креативті мектептің ашылуы өтті.

Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Халық әртісі және опера әншісі Бибігүл Төлегенова, мектептің бас құрылтайшысы және Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Димаш Құдайберген қатысты.

Өнер иесі атындағы шығармашылық мектебі – инновациялық білім беру тұжырымдамасын ұсынатын заманауи білім беру орталығы.

Әр түрлі музыкалық жанрларды, музыка теориясы мен орындаушылық өнерді зерттеу Music факультеті аясында өтеді.

Димаш Құдайберген мен Арманжан Байтасов болашақ оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа ұрпақтың жаңа Қазақстанның дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

 

Пікірлер