Сауд Арабия билігі Германиядағы лаңкестік әрекетті айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ТАСС дерегінше, Сауд Арабиясы Германия халқымен ынтымақтастығын білдірді.
"Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы Корольдігінің Германия Федеративті Республикасындағы Магдебург қаласында болған адамдарды қасақана қағу оқиғасын айыптайтынын білдірді. Қайғылы оқиға салдарынан бірнеше адам қаза тауып, жараланды", — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 20 желтоқсан күні Германияның Саксония-Анхальт федералдық аймағындағы Магдебург қаласында шетелдік адамдарды көлікпен қағып кеткен болатын.