Сауалы көп, жауабы жоқ оқиға. Бельгиялықтар асырап алған Жәнібек әсерлі жазба жариялады

1289
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы Жәнібек әлеуметтік желіде анасының өсиетін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жәнібек өзін кішкентай күнінде асырап, туған ұлындай өсірген Валеридің соңғы өсиетін айтты. Әйел көз жұмар алдында "мына әлемде жалғыз қалма" деп баласына өз анасын табуын тапсырған.

“Ең алдымен өмірде жақынынан айырылып қалған адамдардың бәріне көңіл айтқым келеді. Валери 10 шілдеде қайтыс болды. Иә, мені асырап алған анам таңғы 10:30-да бұл дүниемен қоштасты. Биыл қаңтарда Таиландта жүрген кезімде Валери ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін былтыр эвтаназияға жүгінгенін айтып еді. Валери мықты адам ретінде есте қалды, өйткені ол басына түскен қиындықпен жалғыз күресуге мәжбүр болды. "Туған анаңды тап және мына үлкен әлемде жалғыз қалма" деп маған соңғы тілегін айтып кетті. Сауалы көп, жауабы жоқ оқиғада оның тілегін орындай алар ма екенбіз? Рақмет, мама", - деп сөз бастады Жәнібек.

Мұрат Савельев есімді қазақ баласы өзі асырап алған анасының соңғы тілегін орындау үшін көптен көмек сұрады.

"Достар, қайырлы күн. 10.07.2024. — көпшілік білетіндей, бұл менің ең жақын адамым қайтыс болған күн. Иә, әлемдегі жалғыз жақын адам. Валери менің туған анам болмаса да, ол мені өз ұлындай жақсы көрді және мен үшін қолынан келгенін жасауға тырысты.
Мені қолдап, хат жазып, көңіл айтқан жандарға рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін, жақсы адамдар. Валеридің соңғы тілегін орындауға тырысайықшы. Кездескенше!", – дейді ол.

Еске сала кетейік, өткен айда Жәнібектің бельгиялық анасы көз жұмғанын хабарлаған едік.

Пікірлер