Журналист Қымбат Досжан Қазақстаннан туған анасын іздеген Жәнібектің асырап алған бельгиялық анасы қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ол қайғылы хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында естіртіп, Жәнібекке көңіл айтты.
«Достар, Жәнібекті асырап алған анасы Валери бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…», деп жазды Қымбат Досжан.
Қоса кетейік, эвтаназия тәсілі дегеніміз - әлдебір әрекетпен немесе құралдармен төзгісіз және емі жоқ аурумен ауыратын науқастың өмірін тоқтату тәжірибесі.