Қазақстан жұмыс берушілерінің съезі және ХЕҰ делегациясымен кездесуі өтпек

2998
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 4 қыркүйекте сағат 15.00-де Астана қаласында Қазақстан жұмыс берушілерінің съезі өтеді, оған Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбо алғаш рет қатысады.

ХЕҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымының еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі мамандандырылған мекемесі болып келеді, оның құрамына Қазақстанды қосқанда 187 мемлекет кіреді.

Қазақстан Республикасы жұмыс берушілерінің қатысуымен өтетін форумда әлеуметтік әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады. ХЕҰ Бас директоры Жильбер Унгбо, «PARYZ» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясы президиумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басшылары баяндама жасайды.

Отырысты «PARYZ» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) ұлттық конфедерациясы мүшелерінің съезі жалғастырады, онда жұмысты қорытындылау және «PARYZ» Конфедерациясының одан әрі даму перспективаларын анықтау жоспарланады және басқа әкімшілік мәселелерді қарастырады. Іс-шараға Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындары мен салалық бірлестіктерінің басшылары қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Сығанақ көш., 60/1 Sheraton Astana Hotel, Ballroom, 3 қабат.

БАҚ өкілдерін аккредиттеу: 8-705-621-19-21 «PARYZ» конфедерациясы.

Анықтама үшін:

«PARYZ» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) Ұлттық Конфедерациясы ХЕҰ мойындаған Қазақстандағы жалғыз республикалық жұмыс берушілердің бірлестігі және Қазақстан Республикасындағы Жұмыс берушілер халықаралық ұйымының жалғыз серіктес мүшесі болып табылады.

«PARYZ» Конфедерациясының қызметі 25 жыл ішінде Қазақстанда әлеуметтік серіктестік пен диалогты дамытуға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ілгерілетуге, басқарудың барлық деңгейінде жұмыс берушілердің мүдделерін білдіруге және қорғауға бағытталған.

«PARYZ» Конфедерациясы Әлеуметтік әріптестік сондай-ақ әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның мүшесі және де Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілер Республикалық бірлестіктері мен кәсіподақтар арасындағы Бас келісімге қол қоюшы болып табылады. Осыған ұқсас жұмыстар салалар мен аймақтар бойынша жүргізілуде.

Бүгінгі таңда «PARYZ» Конфедерациясына 33 салалық бірлестік, 1,5 мыңға жуық қауымдастырылған мүше және 100 мыңнан астам қызметкері бар 150 ірі және орта кәсіпорын кіреді.

Пікірлер