Ақмола ветеринариялық станциясының автопаркі 19 жаңа автокөлікпен толықты

669
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақмола облысы әкімдігі.
Фото: Ақмола облысы әкімдігі.

Ақмола ветеринариялық станцияларына 19 бірлік қызметтік автокөлігі табысталды. Аудандық ветеринария бөлімдерінің басшыларына автокөліктердің кілттерін облыс әкімі
Марат Ахметжанов тапсырды.

Өңір басшысы өз сөзінде ветеринария саласының стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Сіздердің қызметтеріңіз ет және сүт өнімдерінің сапасын бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жануарлар арасында қауіпті аурулардың таралуының алдын алу арқылы халықтың денсаулығына тікелей әсер етеді», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Соңғы жылдары ветеринарлық қызметтердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері шешілуде. Жаңа көліктерден басқа, планшеттер, модульдік ветеринариялық пункттер сатып алынды және үлгілік мал қорымдарының құрылысы жүргізілуде. Мұның бәрі ветеринарлар жұмысының тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға, эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға, кадр мәселесін шешуге бағытталған.

«Жаңа автокөлік – бұл ең алдымен елді мекендер арасындағы жылдам қозғалыс. Көбінесе қиындықтар ауа-райының қолайсыздығында болады. Техника соңғы рет 10 жыл бұрын жаңартылған», - деді Ерейментау ауданының ветеринариялық станциясының бастығы Орал Төлеуов.

Айта кетейік, Ақмола облысында 19 мемлекеттік ветеринариялық ұйым, ауылдық жерлерде 217 ветеринариялық пункт жұмыс істейді.

Пікірлер