Аппеляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімін өзгеріссіз қалдырды

1255
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты экс-шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлына және онымен бірге сотталған басқа да адамдарға қатысты үкімді аппеляциялық тәртіппен қайта қарады. Бұл туралы бүгін, 21 тамызда Астана қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бірінші үкімге қорғаушылар, сотталушылар және олардың адвокаттары шағымданған еді.

«Астана қалалық сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою немесе өзгерту үшін негіздер анықталмады. Үкім заңды күшіне енді»,—делінген хабарламада.

Мәдениет және спорт министрлігінің талабы қанағаттандырылып, 3,5 млрд теңгеден астам сомада келтірілген залал өндірілді.

Ескк салайық, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақ үйі және Ұлттық музейге қатысты қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталған еді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер