Арыстанбек Мұхамедиұлына түпкілікті сот үкімі шықты

1120
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Бұған дейін сот бұрынғы шенеуніктің әйелін пара алу бойынша кінәлі деп танып, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді.

Мұхамедиұлының адвокаты аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналыса алмайды.

Айта кетейік, экс-министрдің бұған дейін 8 және 11 жылға сотталған еді. ҚР Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған болатын. Антикор музей басшысына "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу барысында қаржы жымқырды деген айып тақты. Алайда Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта кінәсін мойындаған жоқ. 

Пікірлер