Қаза тапқан 46 кеншінің құрметіне мемориал ашылды

1190
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қарағанды қаласының әкімдігі
Фото: Қарағанды қаласының әкімдігі
Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің құрметіне мемориалдық ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Костенко атындағы шахтаның аумағында 2023 жылдың 28 қазанында 46 кенші қаза тапқан.  Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, кеншілердің туыстары мен әріптестері, билік өкілдері, Qarmet компаниясының басшылығы көз жұмған шахтерлерді еске алып, гүл шоқтарын қоюға жиналды.

"Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға қарағандылықтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жүрегінде терең із қалдырды. Бұл орны толмас қайғы. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтқым келеді. Сол күндері мемлекет басшысы жақындарынан айырылған отбасыларды қолдау үшін Қарағандыға жеке өзі келді. Біз әр отбасына қажетті қолдау мен көмек алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Елбасы біздің облысқа соңғы сапары барысында кеншілер үшін еңбек қауіпсіздігі мен лайықты жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге баса назар аудару керектігін тағы да қайталады", – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Мемориалдың авторы қарағандылық мүсінші және суретші Игорь Баграмов болды.

Пікірлер