Жүргізуші қашып кеткен. Алматыда каршеринг көлігі апатқа ұшырады

1688
Adyrna.kz Telegram

Алматыда каршеринг көлігі жолдан ұшып, аударылып кетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы полициясының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында, Медеуден қалаға қарай жүретін жолда болған.

Күрделі бұрылыстардың бірінде жүргізуші рөлге ие бола алмай яки рөлде ұйықтап кетіп, жолдан ұшып кеткен.

"Оқиға орнына полиция шақырған куәгерлердің айтуынша, жүргізуші бордюр орнатуға дайындалған траншеяларға соғылған", – делінген хабарламада.

Жол апатынан кейін жүргізуші полицейлер келгенше көлікті тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір тәртіп сақшылары жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Әзірге олардан көмек сұраған ешкім жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер