Юлия Путинцева WTA 1000 турнирінде жеңіліс тапты

2100
Adyrna.kz Telegram

Париж Олимпиадасына қатыспай, Цинциннатидегі WTA-1000 турниріне дайындалған легионер теннисші Юлия Путинцева 17 тамызда өткен үшінші раундтық кездесуде әлемнің екінші ракеткасы испаниялық Паула Бадосадан жеңіліп қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

1 сағат 52 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:3 есебімен Паула Бадосаның пайдасына шешілді.

Өкінішке қарай, Путинцева екі эйс жасап, бір қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Цинциннатидегі турнирдің жүлде қорына келсек, биыл ол 3 211 715 доллар. Жарыс жеңімпазы 523 485 долларды алып, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Естеріңізге сала кетейік, легионер теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Париж Олимпиадасының басталуына бір күн қалғанда жазғы ойындарға қатыспайтынын айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер