Президент Тоқаев Қазақстанға сапарын тоқтатқан Жапония премьер-министріне қолдау білдірді

1179
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорда баспасөз қызметі
фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапарын тоқтатқан Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға қолдау білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты.

Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер