Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді

764
Adyrna.kz Telegram
фото: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
фото: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Астанаға Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов келді. Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысады. Түркіменстан басшысын Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды», - делінген жұма күні тараған хабарламада.

Қазақстан мен Түркіменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты біртіндеп кеңейтіп келе жатқаны атап өтілді.

«Бүгінгі таңда ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын «Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы» жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым «Жаңаөзен – Түркіменстан шекарасы» автожол учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталуда», - делінген хабарламада.

Пікірлер