Қазақстан басшысы Бердімұхамедовтер билеген Түркіменстанға барады

1388
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күзде Түркіменстанға сапарлайды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

"Мемлекет басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан президентінің биыл күзде Түркіменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады", - деп жазды ведомство.

Екі ел басшысы әңгіме барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ары қарай нығайтудың маңыздылығы туралы айтты.

Сердар Бердімұхамдоевтің әкесі Түркіменстан Халық мәслихатының төрағасы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов баласының алдында президент болғаны белгілі.

Пікірлер