Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күзде Түркіменстанға сапарлайды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тоқаев Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
"Мемлекет басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан президентінің биыл күзде Түркіменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады", - деп жазды ведомство.
Екі ел басшысы әңгіме барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ары қарай нығайтудың маңыздылығы туралы айтты.
Сердар Бердімұхамдоевтің әкесі Түркіменстан Халық мәслихатының төрағасы Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов баласының алдында президент болғаны белгілі.Related news
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.