Головкин Париж Олимпиадасында жүлделі болған гимнастшы мен бапкерін құттықтады

1141
Adyrna.kz Telegram
Тұрар Қазанғаповтың фотосы
Тұрар Қазанғаповтың фотосы
Қазақстан ҰОК президенті Париж Олимпиадасында күмісті еншілеген гимнастшыны жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады.
"Нариман Құрбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді. Жеңіске деген жігеріңіз және қайсар мінезіңіздің арқасында Сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз.

Жеке бапкеріңіз Хусанжан Курбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында Сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр. Олимпиада ойындарында Сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін!” - делінген құттықтау хатында.

Пікірлер