Астанадағы Ұлттық пантеон. Жобаның қазіргі жағдайы қандай?

576
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Астанадағы Ұлттық пантеон бастапқыда 25 жерлеу орнына есептелгенімен, қазіргі таңда 28 адам жерленген. Қажеттілік туындаған жағдайда, орын саны 40-қа дейін көбейтілуі мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеп.

Бұл туралы Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеді.

Қазіргі таңда пантеонның жалпы аумағы 4,3 гектарды құрайды. Басқарма өкілдерінің айтуынша, бірінші кезеңнің алғашқы іске қосылуы 25 орынға есептелген. Дегенмен, жобада өзгерістер енгізу арқылы орын санын көбейтуге мүмкіндік бар.

2023 жылдың мамырында Ұлттық пантеонда орындар жетіспейтіні туралы ақпарат тарады. Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дарменияр Қыдырбекұлының айтуынша, сол кезде пантеонда 25 орынның төртеуі ғана бос болған. Алайда үш ай өткен соң қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бұл мәліметті жоққа шығарып, пантеонда 40-тан астам орын бар екенін және жоба әлі толық аяқталмағанын мәлімдеді.

Ұлттық пантеон Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұлғалардың, ғылым және мәдениет қайраткерлерінің жерлеу орны ретінде құрылған. Ол Астанадан 17 шақырым жерде, Қабанбай батыр кесенесінің маңында орналасқан. Пантеон аумағы төрт гектарды құрайды.

Дарменияр Қыдырбекұлының мәліметінше, 2024 жылы пантеонды күтіп ұстауға 40 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру үшін қосымша 70 миллион теңге қарастырылған.

2023 жылы наурыз айында пантеонда жерленуі мүмкін тұлғалардың тізімі жаңартылды. Бұрын бұл орын Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелеріне ғана арналса, бүгінде оған елге еңбегі сіңген тұлғалар да қосылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер