Тағы бір ресейлік легионер Олимпиадаға қатыспайтын болды

1841
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ҰОК
Сурет: ҰОК

Теннисші, Қазақстан үшін шығып жүрген ресейлік легионер Юлия Путинцева Париж олимпиадасына қатыспайды. Бұл туралы бүгін федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Спортшы Парижге ұшып барып, белсенді түрде жаттыға бастаған  болатын. Алайда украиналық Марта Костюкпен болатын матч алдындағы дайындықты отандасымыз тізесін ауыртып алды. Медициналық тексеруден өткен соң турнирден бас тарту туралы шешім қабылданды. 

Айта кетелік, бұған дейін де Юлия тізесіндегі жарақатын айтып, шағымданған болатын. 

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев аталған жағдайға қатысты пікір білдірді. 

«Париж олимпиадасы біз үшін сынақпен басталуда. Алдымен Елена Рыбакина сырқатына байланысты бас тартса, бүгін  Юлия Путинцева жарқатына байланысты жарысты тоқтатты. Екі спортшыға да үлкен үмірт арқан едік, өкінішті», - деді ол. 

Еске салайық,  25 шілдеде Елена Рыбакинаның олимпиадаға қатыспайтынын жазған едік.

Пікірлер