Ресейлік легионер Рыбакина Олимпиададаға қатысудан бас тартты

1703
Adyrna.kz Telegram
фото: olympic.kz
фото: olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Парижде өтетін олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олимпиаданың ресми сайтында теннисшінің есімі жеке және аралас жұптық сындағы сеткадан алынып тасталды. Енді отандасымызды австралиялық Дарья Савиль алмастыратын болады.

Туризм және спорт министрлігі Рыбакинаның төртжылдықтың бас додасында қатыспауына денсаулық жағдайы себеп болғанын мәлімдеді.

«Оның Уимблдон турнирінен кейін тыныс алу жолдары қабынып, ісініп, ауырған. Соған қарамастан Елена дайындалып, олимпиа ойындарында жоғары нәтиже көрсеткісі келді. Алайда дәрігерлер кортқа шығуға, ұшуға тыйым салды», - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан Париж олимпиадасында теннистен 6 лицензия жеңіп алған еді.

Бұған дейін Рыбакина Ұлыбританияның Истборн турниріне қатысудан бас тартты.

Пікірлер