ІІМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

1740
Adyrna.kz Telegram
Фото: GOV.KZ
Фото: GOV.KZ

Ішкі істер министрлігі балалардың қауіпсіздігіне қатысты қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, балалардың жазғы демалысы кезінде қала-ауданаралық көлік қатынасы жиілейтіні белгілі.

“Дүниежүзілік талдаулар көліктегі автоорындықтар, бустерлер және адаптер құрылғылары балалардың жол қозғалысындағы жарақат алуынан қорғайтынын дәлелдеген. Біз балаларға қауіпсіздік деңгейін бағалауды үйренуге және қиын жағдайларда өздерін сенімді сезінуге көмектесуіміз керек.

12 жасқа толмаған бала көлікке міндетті түрде арнайы автоорындық арқылы отырғызылуы тиіс екенін білгеніңіз абзал. Талап сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген”, делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілердің әдетте белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, жақындап қалған көліктің алдынан жүгіріп өтуі кезінде және бағдаршамның тыйым салынған сигналына мән бермеген жағдайда жол-көлік оқиғасына ұшырау қаупі жоғары.

Алыс сапарларға балаларды үлкендердің қарауынсыз көлікке отырғызып жібермеңіз.

 

Пікірлер