Құқықтық саясат - дамушы мемлекеттің кепілі

666
Adyrna.kz Telegram
ата заң
ата заң

Қазақстанда құқықтық саясатты жүзеге асыру және заң бөлімдерінің нәтижелі жұмысы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізі болып табылады. 

Құқықтық саясатты және бөлімдердің жұмысын жүзеге асыру үшін құқықтық саясатты әзірлеу және іске асыруды мақсат ету керек. Оларға:

Заң шығару бастамалары: Құқық қолдану тәжірибесі мен қоғамдық қажеттіліктерді талдау негізінде қалыптасады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, сондай-ақ басқа да мүдделі органдар мен комиссиялар жаңа заңдар мен қолданыстағыларына өзгертулер әзірлейді және ұсынады.

Талдау және мониторинг: Қолданыстағы заңнаманың тиімділігіне зерттеулер жүргізіледі, оның негізінде қажетті түзетулер енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі: Құқықтық саясат, құқық қорғау және жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге жауапты негізгі орган. Ол сондай-ақ құқыққа қатысты басқа органдардың қызметін үйлестіреді. Ал Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қадағалайды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алады.

Біздің елімізде Сот жүйесі: Конституциялық Кеңестен, Жоғарғы Соттан және заңның орындалуын қамтамасыз ететін және азаматтардың құқықтарын қорғайтын төменгі соттардан тұрады.
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастыру

Халықта, қарапайым тұрғында болсын құқықтық сауаттылықтың бастапқы білімі болуы керек. Сол себепті блім беру ұйымдарында құқық пәні бойынша білім беру бағдарламалары енгізілген. Одан бөлек, азаматтар мен кәсіпорындар үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру да басты мақсатта.

Құқықтық тұрғыда халық арасында толеранттылық және құқықтық сананы дамыту үшін келесідей әрекеттер жасалуы тиіс:

Адам құқықтарын ілгерілету: адам құқықтары мен заң үстемдігі қағидаттарын құрметтеуге бағытталған ақпараттық науқандар мен білім беру бағдарламалары.

Қоғамдық және құқық қорғау ұйымдары: Олар құқықтық мәдениетті арттыруда және қоғамды құқықтар мен міндеттер туралы ақпараттандыруда белсенді рөл атқарады.

Заң жобаларының ашықтығына байланысты бізде ақпараттар қолжетімді. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын ресми сайттарда жариялау, қоғамдық талқылаулар мен консультациялар өткізу, БАҚ беттерінде деректер жиі жарияланып тұрады.

Бұл шаралар азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалатын, құқықтық жүйе тиімді және әділ жұмыс істейтін құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.

Ел тұрғындарының арасында құқықтық мәдениетті жоғарылату мақсатында түрлі іс-шаралар да жиі өткізіліп отырады.

Қазақстан халқының құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын дамытуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Құқыттық мәдениет» арнайы жобасы әзірленіп, көпке жол тартқанү

Арнайы жобаны жүзеге асыру мақсатында Әділет министрлігі Білім және ғылым министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, 1 065 063 адамды қамтитын 86 490 іс-шараны жүзеге асырды.

Бүгінде елімізде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне тегін қолжетімділік қамтамасыз етілген. Жүйе арқылы әрбір қазақстандық өз құқықтары туралы кез келген деректі онлайн білуге ​​және заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың хронологиясын қадағалауға мүмкіндік ала алады.

Қалың жұртшылыққа қажетті ақпаратты жеткізу мақсатында жиі-жиі елдің барлық облыстарында сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері билбордтар орнатып, үнпарақтар мен буклеттер таратылып, халық ақпараттандырылып отырады.

Қазақстандықардың, жалпы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғамның дамуының алғышарттарының бірі. Дамыған мемлекеттерде құқықтық саясат кеңінен етек алған. Онда әр адам өз құқын қорғауға бейім тұрады. Ал өзінің міндетін білген адам тәртіпсіздікке бармайтынын есте ұстаған жөн.

Пікірлер