“Соңғы рет жігітімен сөйлескен”. Алматы облысында 16 жастағы қыз жоғалып кетті

2184
Adyrna.kz Telegram
фото: Айкүмістің туыстарынан алынды
фото: Айкүмістің туыстарынан алынды

Алматы облысында 16 жастағы жасөспірім қыз бес күннен бері іздестірілуде. Ол балмұздақ алу үшін дүкенге шығып, содан қайтып оралмаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полицияға оның хабарсыз кеткені туралы туыстары екі сағаттан соң мәлімдеген. Тергеу нәтижелері анықтағандай, қыздың соңғы сөйлескен адамы Өзбекстандық жігіті болып шықты.

«Біз бұл жігітті танымаймыз. Соңғы рет ол онымен телефонмен сөйлескен. Егер ол қашып кетер болса, ол бізге бірнеше күннен кейін де айтар еді. Біз қатты уайымдап отырмыз», – дейді жоғалған жеткіншектің әпкесі.

Айкүміс Қуатбек 14 шілде күні сағат 17:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылы, Әубәкіров көшесі, 13 үй мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен.

Жеке ерекшеліктері: Бойы 155-160 см, толық денелі, шашы иығына дейін қара, көзі қоңыр. Үстінде қара сұр көйлек, қара шалбар болған.

Айкүміс Қуатбекті көрген, байқаған жандар болса полицияға мәлімдесеңіздер болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер