Қонаев қаласында қамауға алынған әнші Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Өнер иесі өткен аптада полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін Қонаев қаласында қамалған еді.
Өнер иесі бостандыққа шығып, желідегі парақшасына видео жүктеді.
“Күйін кештім мен бүгін! Көкбөрілердің жаралы. Адым сайын аңдыған Қақпаннан сирақ қанады. Арландарым атылып, Бөртелер кезді даланы, Айналамның барлығы шибөрі болып барады. Балақтан тартқан әр итке көңіл бөлсең, сапарыңнан қаласың", – деген жазба қалдырды өнер иесі.
Айта кетейік, 6 шілде күні Әбдіжаппар Әлқожа көлікті куәліксіз әрі мас күйінде тізгіндеген кезінде ұсталды.