“Назарбаев, Тоқаев, Путин”. Танымал кино продюсер бірқатар тұлғалардан кешірім сұрады

1532
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық шоумен әрі продюсер Нұртас Адамбай әлеуметтік желісінде бұрын-соңды дауласқан адамдарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Нұртас Адамбай желіде мәжіліс депутаты Ринат Заитовтан бастап кешірім сұраған.

"Өз ақымақтығыммен сізді айыптағаным үшін кешірім сұраймын. Елді жақсартуға деген талпынысыңыз үшін алғысымды білдіремін", - деп жазды шоумен.

Артынша ол ІІМ-нен де кешірім сұрады.

Нұртас Адамбай саяси тұлғалардан кешірім сұрап, ел басшыларын сынағаны үшін де өкінетінін айтты.

Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады.

Бірнеше танымал кинолардың продюсері Ресей президенті Путинге де бірнеше сөйлем арнады.

"Владимир Путиннен өз ақымақтығымнан оны айыптап, ашуланғаным үшін кешірім сұраймын. Сізге отбасылық құндылықтарды сақтау үшін күресіп, өз еліңізде жат нәрселердің насихатына қарсы шыққаныңыз үшін алғысымды білдіремін", - деп жазды Адамбай.

Мұнымен Адамбайдың кешірім сторисы бітпеді. Ол желідегі жария сыны үшін Адамбай Беларусь президенті Александр Лукашенкодан да кешірім сұрады.

Өнер иесі Димаш Құдайберген, Генадий Головкин сынды өзге де танымал тұлғалардан кешірім сұраған жазбаны жүктеді.

Пікірлер