Стати ісі аяқталды. Әділет министрлігі мәлімдеме жасады

1625
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Үкімет, Ұлттық банк пен Стати тараптары негіздемелік келісімге қол қойды. Бұл туралы бүгін, 16 шілдеде Әділет министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкі мен Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен Стати тараптары Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды бейбіт және өзара қолайлы реттеу туралы заңды күші бар негіздемелік келісімге қол қойды. Тараптар барлық заңды талқылауларды тоқтатуға және барлық юрисдикциялардағы ағымдағы талаптарды тоқтатуға әкелетін өзара қолайлы шарттарда келісімге келуге қуанышты»,—делінген хабарламада.

Әділет министрі Азамат Есқараев бұл келісімнің қоғамдық мүддені ескере отырып қабылданғанын және бюджет қаражатының жұмсалуын көздемейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Argentem Creek Partners – Стати тараптарының инвестициялық құралы Tristan Oil Limited-тің кредиторлары болып табылатын нақты қорлардың инвестициялық басқарушысы.

2010 жылы молдовалық бизнесмендер Анатол және Габриэль Стати «Қазақстан рейдерлік жолмен мүлкімізді тартып алды» деген мәлімдеме жасап, 4 миллиард доллар талап еткен еді. Қазақстан бұл айыптарды жоққа шығарды. 2013 жылдың желтоқсанында халықаралық арбитраждық сот Анатол Стати бастаған шағымданушылар тобының пайдасына шешім шығарып, Қазақстанды 506 млн доллар өтемақы төлеуге міндеттеді.  2017 жылдың желтоқсанында Bank of New York Mellon кастодиан-банкі Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар көлеміндегі активтерін бұғаттады.

2022 жылдың маусымында Голландия соты Стати ісі бойынша KMG Kashagan B.V. 5,2 млрд долларға тең акцияларына тыйым салуды алып тастау туралы шешім шығарды.

2023 жылдың 8 ақпанында Амстердам аудандық соты кәсіпкерлер Анатолий мен Габриэль Статидің және олардың компанияларының «Самұрық-Қазынаға» қарсы шағымдары негізсіз деп шешті. Сот Статиге «Самұрық-Қазына» мен Қазақстан Республикасы шеккен сот шығынын төлеуге міндеттеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер