Парламент Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан және Respublica партиясынан сайланған мәслихат депутаттарымен бірлесіп әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік жатақханаларын аралады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жатақханалардың жағдайымен оқу орынның проректоры Суатай Сәбит таныстырды.
«Еліміздегі бетке ұстар оқу орынның 6 мыңға жуық орынмен қамтитын 15 жатақханасы бар. Бірақ бәрінің бірдей жағдайы мәз емес. Жатақханаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күзет компанияларымен келісімшарттар да жасалмаған болып шықты. Ішкі күзет деп шақыртқан мамандарының студенттердің өміріне қауіп төнген жағдайда қалай қимыл жасайтыны да белгісіз.
Студенттер қалашығындағы ең ескі жатақхана деп таныстырған №9 студенттер үйі «Ұлттық университеттің» жатақханасы деп атауға тіпті ұятты жағдайда. Жатақханада ас әзірлейтін және кір жуатын орын бір жерде орналасқан. Студенттердің айтуынша, кейде кір машиналардан суы ағып, ас бөлмесі көл болады екен. Студенттердің тұрғын жағдайын арнайы түсірілген бейнежазбадан да көре аласыздар»,—делінген хабарламада.
Нұргүл Тау студенттердің қауіпсіздігі және денсаулығы үшін алдағы оқу жылына дейін барлық анықталған кемшіліктерді түзетуді ЖОО-ын басшылығына тапсырды. Оны тексеру үшін тамыз айында Respublica партиясының мәслихат депуттары қайта келеді.
View this post on Instagram
<