Қостанай облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды

969
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Соколов-Сарыбай шахтасында жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қостанай облысындағы кен-байыту өндірістік бірлестігінің шахтасында жазатайым оқиға болған. Жұмысшының қайтыс болғаны туралы ақпарат 11 шілде күні белгілі болды.

Шахта мәліметінше, 280 метр деңгейіндегі жиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Оқиға салдарынан жұмыскер қаза тапты.

"ССКӨБ АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға қатысты тергеу басталды", - делінген компания таратқан ақпаратта.

Пікірлер