«Елдік рухым – домбыра»: «Жастар Рухының»белсенділері мерекелік концерт ұйымдастырды

531
Adyrna.kz Telegram

Шілденің алғашқы жексенбісі – «Ұлттық домбыра күні». Осы атаулы мерекеге орай, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы»жастар қанаты елорда төрінде «Елдік рухымдомбыра» гала-концертін ұйымдастырды. «Алтын домбыра» өнер орталығының 500-ге жуық шәкірті қазақтың әйгілі күйлерін шертіп, патриоттық әндерді шырқады. Ашық аспан астындағы өнер кеші бас қаладағы Мәдениет және демалыс саябағының аумағында өтті.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қасиетті домбыра атадан балаға мирас болып, арқауы үзілмей келе жатқан мәйектімәдени мұрамыз, бірегей ұлттық құндылығымыз екенін атап өтті.

«Ұлттық мәдениет пен өнерді дамытубіздің саяси платформамыздың негізгі басымдығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, домбыра – қазақтың жаны, ұлт болмысының айнасы. Халқымыз домбыраның қос ішегімен қос әлемнің сырын ақтарып, қара шанағына болмыс-бітімін, арман-мұратын сиғыза білген. Сондықтан да, күмбірлеген күй әуезі рухты асқақтып, бойыңа күш-қуат сыйлайды. Тыңдаған жанға жаңа көкжиек ашып, жарқын болашаққа жетелейді. Домбыра отандастарымызды ұйыстырып, әр азаматтың бойында елге, жерге деген мақтаныш сезімін ұялатады. Киелі өнер – халықты бір ниет, бір мұрат жолында біріктіре алады. Қазір елімізде 2 мыңға жуық музыкалық үйірме жұмыс істейді. Онда 100 мыңнан астам жас домбырашы тәлім алады. Домбыраның құдіреті күйі өскелең ұрпақ үшін бар құндылықты бойына сіңіретін тамаша тәлім мектебі болмақ», деді ол.

«Алтын домбыра» орталығының шәкірттері «Балбырауын», «Адай», «Ерке сылқым», «Әке» сынды танымал күйлер мен өзге де шығармаларды орындады. Алқалаған көрермен жас музыканттардың орындаушылық шеберлігін жоғары бағалады. Сондай-ақ, іс-шара барысындаосы Өнер орталығының жетекшісі, әнші Ибрагим Ескендір өзінің жаңа әнін таныстырды.

Еске сала кетейік, былтыр «Жастар Рухы»жастар қанаты домбыраны дәріптеу мақсатында 4 мыңнан астам адам қатысқан «Dombyra party»акциясын ұйымдастырды. Оның барысында танымал күйлер орындалып, түрлі викториналар, байқаулар мен конкурстар өткізген болатын.

Пікірлер