«Іргелі ғылым – жоғары білімнің тірегі»

2281
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Экономиканың дамуына іргелі ғылым мен қолданбалы ғылымның қайсысының үлесі басым. Бұл сұраққа ғылым докторы, Назарбаев университетінің ассистент профессоры, ҰҒА академигі әрі Азия құрлығы бойынша The Ferran Sunyer i Balaguer Prize халықаралық сыйлығының иегері Дөрбетхан Сұраған жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Әрине қолданбалы ғылым экономикаға үлкен көмек, қаржы әкелетін сала. Шын мәнісінде технология әкеледі. Жалпы уақыт бойынша қарайтын болсақ іргелі ғылымның ұлтқа, мемлекетке, елге және әлемдік деңгейде әкелетін пайдасы қолданбалы ғылымнан кем емес. Мысал ретінде бізде негізгі талап ғылымға, үкіметке болсын. Ал ол талапты кім қояды, халық қояды. Біз қарапайым халық ретінде қалта телефонын, теледидарларды, қымбат машиналарды және күнделікті көз алдымызда қолданатын технологияларды көреміз. Қарапайым адамдардың талабы мынандай, «мұның барлығы шетелде жасалған, біздің ғалымдарымыз қандай жаңалық ашты» деген сұрақ қояды. Бірақ ондай технологиялық жетістіктерге ғалымдардың қатысы жоқ екенін қарапайым халық түсіне бермейді. Осыдан «іргелі ғылым не үшін қажет» деген сұрақ туындайды. Жаңалықтар ашылып жатыр, бірақ ол сіздің тоңазытқышыңызға тамақ салып бермейді. Сізге бірден сапалы, жақсы машина жасап бермейді.

Жалпы ғылымның жалғыз мақсаты бар, ол – жаңадан таным қалыптастыру, білім жасау. Мысалы, іргелі ғылымды тарих ғылымында қарастырайық. Мысалы тарих ғылымы біз қанша дана, керемет батыр болғанымызды түсіндіру үшін керек емес. Тарих ғылымынң қарапайым мақсаты бар, ол – өткенді білу. Ал оны қолданасыз ба, жоқ па ол ғалымның шаруасы емес, оны әр адам шешеді. Іргелі ғылым дегеніміз жоғары білімнің тірегі. Халыққа түсініктірек етіп жеткізетін бір сөз бар. Хайп болып кетті ғой. Біз «жасанды интеллект» деп жатамыз. Ал жасанды интеллектіні жасау үшін сауатты, интеллектісі жоғары жастарымыз қажет. Ол үшін оларды оқытуымыз керек. Ал оларды оқыту үшін қарапайым математика мұғалімі керек. Ол мұғалімдер әлемдік деңгейде ғылыммен айналысып жүрген болуы қажет. Ғылымда қормада деген сөз бар. Қазіргі таңда ғылыммен айналысып жүрген адам жоғары деңгейде сапалы білім бере алады. Солай математиканы алатын болсақ, инженерлерді, жасанды интеллектпен айналысатын жастарды дайындау үшін математиканың негіздерін беру керек. Жасанды интеллектімен айналысу үшін тізімдер баршылық, біз сол тізімдер бойынша заманауи талаптарға сай сабақ беріп, интеллектуалдық потенциалды жоғары деңгейде жоғары ұстауымыз қажет», – дейді жас ғалым.

Пікірлер