Грекияда өртеніп кеткен арал маңындағы яхтада қазақстандық олигархтар болған

895
Adyrna.kz Telegram
Фото: mk.ru
Фото: mk.ru

Грекияда отшашудан соң орманды өртегендердің арасында бай қазақстандық шенеуніктердің болғаны анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық рухына сілтеп.

Орман өрті кезінде күдікті болған олигархтың бірі - Forbes тізімінде Қазақстандағы ең бай елуліктің ішінде 21 орында тұрған Данияр Абылғазин.

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының мәліметінше, «Персефони I» яхтасының ішінде 7 қазақ болған екен. Яхта қонақтарының арасында олигарх Данияр Абылғазин, Халық Банктің бас директоры Үміт Шаяхметова, оның күйеуі KMG International NV ұлттық мұнай компаниясының бұрынғы топ-менеджері Бейімбет Шаяхметов және олардың қызы болған.

Шетелдік БАҚ беттерінде Грек аралы өртенген күннен кейін бизнесменнің жеке ұшағы Афина әуежайынан Алматыға ұшып кеткені айтылуда. Сот құжаттары көрсеткендей, бортта Абылғазиннің ұлы мен әйелі Айдан Сүлейменова және тағы басқа да лауазымды адамдар да болған.

22 маусымда Гидра аралындағы орман өрті 300 мың шаршы метр жерді шарпыған. Грекияның Ұлттық өрт сөндіру қызметі оқиға орнында 13 гректі ұстағаны да хабарланды.

Пікірлер