Жер сілкінісінен соң. Грекия премьер-министрі Санториниге барды

1197
Adyrna.kz Telegram

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис сейсмикалық белсенділіктің күшеюіне байланысты төтенше жағдай енгізілген Санторини аралына барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Euronews-ке сілтеп.

Мицотакис сапары барысында төтенше жағдайларға дайындық нысандарын тексеріп, аралдың оңтүстік бөлігінде эвакуация жолын салу үшін 3 миллион еуро бөлінетінін мәлімдеді.

"Біз келуі мүмкін жамандықтарға дайындалып, жақсылықтан үміттенеміз. Байыпты және ұйымдасқан мемлекет осылай істеуі керек," – деді ол жергілікті билік өкілдерімен кездесу кезінде.

Аралға әскери жүк көліктері арқылы электр генераторлары жеткізілді, ал апта басында құтқарушылар тобы Санториниге аттанған.

Соңғы күндері болған жер сілкіністері мыңдаған жергілікті тұрғындар, туристер мен маусымдық жұмысшылардың аралды тастап кетуіне себеп болды. Олар паромдар арқылы Грецияның материктік бөлігіне эвакуациялануда.

Сарапшылардың айтуынша, Санторинидегі сейсмикалық белсенділік жанартау атқылауымен байланысты емес, бірақ күшті жер сілкінісіне ұласуы мүмкін. Сонымен қатар, олар бұл белсенділіктің бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер