«Өтірікші». Айтбек Амангелді Ертісбаевтан кешірім сұрауын талап етті

1933
Adyrna.kz Telegram

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді 24 сағат ішінде саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтан кешірім сұрауын талап етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сіздер үшін сенсация емес шығар, бірақ Ертісбаев - өтірікші. Маған қатысты жалған ақпарат таратқаным үшін қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімдемесін көрген боларсыздар.

Мен ІІМ-ге және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне сотқа дейінгі тіркелген материалдар, маған қарсы қолданыстағы өтініштер туралы ақпарат беру туралы сұрау тастадым. Жалпы бұл іс бойынша процессуалды мәртебе бар-жоғын білгім келді.  10 маусымда «арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес маған қатысты аталған сипаттағы ақпарат жоқ екендігі туралы ақпарат алдым. Егер Ертісбаевтың айтқаны рас болса, мені кем дегенде жауап алуға шақыртар еді»,—деді ол.

Айтбек Амангелді экс-министрден жалған ақпарат таратқаны үшін ресми түрде кешірім сұрауын талап етті. 

Ертісбаевтан жалған деректі таратқаны үшін жария түрде оны теріске шығаруды және кешірім сұрауды талап етемін. Егер олай жасамаса,  оның іс-әрекеттеріне қатысты ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы талап арыз жіберіледі. Сонымен қатар полицияға ҚР ҚК 274-бабы бойынша арыз жазып, моральдық зиянды өтеуді талап етемін. Ертісбаевтан 24 сағаттың ішінде жауап күтемін»,—деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ермұхамет  Ертісбаев Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер